04.04.2024, 14:00

Су тасқыны: Еліміздің мешіттерінде біз мезетте дұға жасалды

Фото: muftyat.kz

Жамағатпен бір мезетте дұға жасау құптан намазы алдында ұйымдастырылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудандарында құптан намазы алдында ұйымдастырылды. Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі.