$ 494.87  520.65  4.91

Сотта прокурор Бишімбаевтың сөзін имитация деп атады

Сот барысында прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа "Тергеу изоляторында өз-өзіңізге қол салғыңыз келгені рас па?" деп сұрақ қойды.

Фото: архив
Фото: архив

Аса қатігездікпен адам өлтіру ісі бойынша Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот барысында прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа "Тергеу изоляторында өз-өзіңізге қол салғыңыз келгені рас па?" деп сұрақ қойды.

Тергеу изоляторында да ондай әрекеттер жасауға тырыстым, - деді Бишімбаев.

Десе де, прокурор сотталушының бұл сөзіне сенбей, оны имитация деп атады.

Бишімбаев ұсталған сәттен бастап бес ай бойы мен процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторында Бишімбаевтың камерасында орнатылған бейнебақылау камерасын бақылап отырдым. Маған сенсеңіз, бес айдың ішінде сіз (Бишімбаев) ешқашан өз-өзіңізге дене жарақатын салуға тырыспадыңыз, - деді прокурор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары