$ 441.66  475.14  4.86

Бишімбаев соты: Нүкенованың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы оқылды

Сарапшының қорытындысы бойынша Салтанат Нүкенова бас миының жарақатынан қайтыс болды.

Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама қорытындысын оқыды. Оған 10 минуттан астам уақыт кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған Бишімбаевтың адвокаттары қарсы болды. Судья Айжан Күлбаева олардың өтінішін қанағаттандырмай, зардап шегуші тарап, яғни, Нүкенованың ағасының адвокаты Жанна Оразбаховаға сараптаманы оқуға рұқсат берді

Сарапшының қорытындысы бойынша Салтанат Нүкенова бас миының жарақатынан қайтыс болды.

 «Сот-медициналық сараптама кезінде Салтанат Нүкенованың денесінен бас сүйек-ми жарақаты, бетінде көптеген жара мен қан анықталды, мұрны сынған, мұрнының айналасындағы терісіне қан құйылған, бас терісіне қан құйылып,  субдуральды гематома (мидың ұзақ материялық қабатының астынан қан кету) анықталған», - деді сараптаманы оқыған адвокат Жанна Оразбахова.

Сондай-ақ сотта прокурор Бишімбаевтан экс-министрден әйелінің ес-түссіз жатқанын көрген кезде жедел жәрдем шақырудың орнына не себепті көріпкелге хабарласқанын сұрады.

«Бұл жайтқа қатысты ешнәрсе айта алмаймын. Байжанов жедел жәрдем шақырайық деген кезінде мен көріпкелдің сөзіне сүйеніп кешке қарай оянады деп үміттендім және бір-екі сағат күте тұрайық дедім. Ол кейде стресстен ұзақ уақыт ұйықтайтын. Мен мұны бірнеше рет байқағанмын», – деді Бишімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары