$ 442.05  474.14  4.74

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған жаңа кітап жарық көрді

Кітап «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен шығарылды.

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Кеңестік кезең жазушысы, журналист Кемел Тоқаевтың өмірбаяны туралы туындыны  Мәскеу баспасы жарыққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің өмір жолын баяндайтын кітаптың авторы – жазушы Светлана Смағұлова.

Кітап «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен шығарылды.

Кемел Тоқаев ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген  майдангер жазушы еді. Ол детектив жанрында қалам тербеген әрі осы жанрдың дамуына атсалысқан алғашқылардың бірі.  Сондай-ақ ол аналитикалық және зерттеу журналистикасы жанрында қалам тербеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында ҚазҰУ-де Кемел Тоқаев атында аудитория ашылған болатын. Онда жазушының барлық  шығармашылығымен танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары