05.04.2024, 02:30

Құлсарыдан Атырауға тегін пойыз жүреді

Фото: Жылыой аудан әкімдігі

Атырау облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Атырау қаласына 5 вагоны бар жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Жылыой ауданының тұрғындары үшін 5 вагоны бар жолаушылар пойызын іске қосты.

Жолаушылар пойызы 5 сәуір сағат 10:30-да Құлсары теміржол стансасынан жүреді. Ал, Атырау қаласынан Құлсарыға қарай кешкі сағат 19:00-де жолға шығады. Жолаушылардың сұранысымен жолдағы Мақат және Шоқпартоғай стансаларына да тоқтайды. Бұл үшін жолаушылар жолсерікке алдын ала ескертуі керек. Пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды, - деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Жылыой ауданында Жем өзенінің суы 2,5 метрге көтерілгені хабарланған еді. Су тасқыны салдарынан Құлсары қаласындағы көпір уақытша жабылды.

Сондай-ақ, Атырау облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ал бүгін Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.