05.04.2024, 11:00

Астана маңындағы Талапкер ауылын су басты

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр.

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылын су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі салдарынан Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.

«Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындайды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.