$ 486.65  524.46  5.05

Теннисші Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 5-ракеткасы Жукаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді.

Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары