$ 494.87  520.65  4.91

Су тасқынынан зардап шеккендердің несие төлемдері 3 айға шегеріледі

Онымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

Фото:  primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексеріп, қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Премьер-Министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты.

Атап айтқанда, бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді.

Фото: primeminister.kz

Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 9
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары