05.04.2024, 13:20

Теннисші Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: ҚТФ

Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі. Жарыстың 5-ракеткасы Жукаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді. Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді. Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.