$ 494.87  520.65  4.91

Алматыға ұшып келген жолушыдан жұқпалы дерт анықталды

Мамандар онымен жақын байланыста болған жолаушыларды анықтап, оларға зертханалық тексеру тағайындады.

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Делиден (Үндістан) Алматыға ұшып келген ұшақ бортында тырысқақ жұқтырып алған болуы мүмкін деген күдіктегі әйел анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 5 сәуірде Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana рейсінің бортында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру барысында іш өту, айқын әлсіздік, ауыздың құрғауы сынды шағымдары бар жолаушы анықталғанын хабарлады.

"Қырғыз Республикасының азаматы Делиден Қырғызстанға Алматы қаласы арқылы бармақ болған. Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары жұқпалы ауруға күдікті әйелді медициналық тексеруді жедел ұйымдастырып, талдау нәтижелерін алғаннан кейін "тырысқақ" диагнозы қойылды", деп хабарлайды ҚР ДСМ.

Мамандар онымен жақын байланыста болған жолаушыларды анықтап, оларға зертханалық тексеру тағайындады. 

"Науқас және байланыста болған жолаушылар Алматы қаласының инфекциялық стационарына жатқызылды. Ұшақ бортында дезинфекция жүргізілді. Борттағы жолаушылар арасында аурудың белгілері және тырысқақ ауруының алдын алу шаралары туралы ақпараттық түсіндірме жүргізіліп, симптомдар пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылды", делінген хабарламада.

 

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Эпидемиологиялық қызметтер тарапынан инфекция ошағын уақтылы анықтау және оқшаулау тырысқақтың ел ішінде таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Науқас ауруханаға жатқызылды және клиникалық хаттамаға сәйкес барлық қажетті медициналық көмекті алады.

Тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) баратын азаматтарға ұсыныстар:

  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
  • әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланудан аулақ болыңыз;
  • тұтынар алдында өнімдерді сәйкесінше термиялық өңдеңіз;
  • жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз;
  • әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз;
  • тек рұқсат етілген су айдындарында шомылып, оның өзінде ауыз қуысына судың кіруіне жол бермеңіз;
  • аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары