Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма.
Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, 4 әйел қан тапсырған.
Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік.. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық роддомы мен детдомы. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр әбден таяды, - деді ол.
Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.
Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс! - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсеткен еді. Оның есімі - Валери.
Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол Испанияға Бельгиядан мағае қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген, - деп жазды Жәнібек.