07.04.2024, 08:30

7 сәуірде күн райы қалай құбылады?

Фото: pixabay

Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

«Қазгидромет» РМК мамандары республика бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа райы тұрақсыз болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады.

Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі жалпы сипат береді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі.