$ 494.87  520.65  4.91

«Жағдай өте қиын»: Депутат халыққа уәде берді (ВИДЕО)

Қарғын судан жапа шеккен әр отандасымызға өтемақы толық төленуі тиіс.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерді аралады. Су басқан аймақтарды өз көзімен көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға уақытша паналауға арналған вагондар жеткізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толыбай жазды.

«Су басқан аймақтарға барып, тұрғындардың айтқан өтініш, қойған талаптарын шетінен орындатып жатырмыз. Мәжілістің төрінде отырып, мәселені көтеріп қана қоя салған жоқпыз. Жағдай өте қиын. Елдің елдігі осындай сын сағатта көрінеді. Ең бастысы – халқымыздың амандығы. Осы қиындықты еңсеріп алайықшы! Нақты, үлкен өзгерістерді талап ететін мәселе көп. Уәде беремін, үнсіз қалмаспыз», – деп жазды депутат Instagram парақшасында.

Ал Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев аймақтардағы ахуалдың қиын екенін айтты. Ол қазіргідей қиын кезде жұмыла көтерген жүк жеңіл деп есептейді.

«Апатпен бетпе-бет қалған бауырларыма амандық тілеймін. Қарғын судан жапа шеккен әр отандасымызға өтемақы толық төленуі тиіс», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары