$ 443.37  474.49  4.83

Эрика Жайлауова Sofia Cup туринирінде қола медаль иеленді

Эрика Жайлауова төрт жаттығу қорытындысы бойынша 125.15 ұпай жинады. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Sofia Cup халықаралық турнирінде қазақстандық Эрика Жайлауова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сітеме жасап.

Жайлауова көпсайыс қорытындысы бойынша үздік үштікке енген. Ол әлемге танымал гимнасттар, болгариялық Бориана Колейн мен Эльвира Краснобоеваға есе жіберді. 

Эрика Жайлауова төрт жаттығу қорытындысы бойынша 125.15 ұпай жинады. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Айым Мейіржанова көпсайыста төртінші орынға табан тіреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары