$ 441.66  475.14  4.86

БҚО-дағы Ұзынкөл су қоймасындағы су деңгейі төмендеді

БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

2024 жылдың 7 сәуірінде вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вице-премьер өңірдегі негізгі су арнасы – Жайық өзенінде су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағасы құм салынған қаптармен нығайтылып, ауыр техникалар жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар Теректі ауданындағы Ұзынкөл су қоймасы тексерілді. Мұндағы жағдай қалыпты, су деңгейі төмендеп келеді. 

«Мамандар жағдайды үнемі бақылауда ұстауы керек. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді Премьер-Министрдің орынбасары. 

Ұзынкөл су қоймасы төмендеп келеді

Фото: primeminister.kz

БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды.

Эвакуациялық пункттерде барлық қажетті жағдай қамтамасыз етілген, су тасқынынан зардап шеккендерге мыңдаған ерікті көмек көрсетуде. Халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім-кешек тасымалы, сондай-ақ кезекшілік ұйымдастырылған. Оқушылар онлайн-форматта оқуын жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары