Оқиға орнына бірнеше полиция экипажы, сондай-ақ арнайы жасақ отряды келіп жетті.
7 сәуірге қараған түні Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға Ақтаудың 14 ықшам ауданында орналасқан Leyla дәмханасында болды.
Дәмханаға көңіл көтеруге келген бір топ жас төлем жасамастан кетіп қалмақ болған. Дәмхана қызметкерлері олардың жолын кес-кестегенде аспанға оқ атылып, төбелес басталып кеткен, - деп жазады Lada.kz куәгерлердің сөзін келтіріп.
Оқиға орнына бірнеше полиция экипажы, сондай-ақ арнайы жасақ отряды келіп жетті.
Маңғыстау облысының ПД оқиғаға қатыстылардың барлығы Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілгенін, оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатқанын нақтылады.