$ 498.34  519.72  4.85

Тарихта алғаш рет қазақ спортшылары Олимпиадаға қатыспайды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан еді.

Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Пхукетте (Таиландта) өтіп жатқан ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында екі қазақстандық cпортшы – Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынады.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Сергей Петрович (89 кг) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167 кг, серпе көтеруде 196 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 кг еңсерді.

Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты. Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 кг дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 кг игеріп, қоссайыс қорытындысында 160 кг бағындырды.

Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелене алмады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары