$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін - Геннадий Головкиннің туған күні

Өзінің тамаша мансабында ол 42 рет жеңіске жетті.

Бүгін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күні, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 

The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (2017 жылдың 27 қыркүйегі - 2018 жылдың 15 қыркүйегі) атанған. WBA, WBC және танымал Boxingnews24.com басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы болды. 

Геннадий Головкин жекпе-жегінің көбін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол орта салмақта титулдарын 20 рет сәтті қорғап, Бернард Хопкинстің рекордын қайталады.

Атақты боксшының есімі орта салмақтағы нокауттардың ең жоғары пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Өзінің тамаша мансабында ол 42 рет жеңіске жетті.

Бүгінгі таңда Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетін басқарады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары