$ 443.44  480.51  4.88

Мен спортшы ретінде ешкімнің алдында міндетті емеспін - Қуат Хамитов (ВИДЕО)

Миллион рет жеңілсем де ешкімге ештеңе міндетті емеспін.

Фото: kuat_khamitov инстаграм парақшасынан
Фото: kuat_khamitov инстаграм парақшасынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы осы көктемде Грекия еліне есе жіберген болатын. Нәтижесінде ЕУРО-2024 додасының іріктеу кезеңінен өтпей қалды. Осы орайды спортшы Қуат Хамитов "Қазақстанда футбол өлді" деп пікір білдірген еді. Жекпе-жек шеберінің айтуынша, ол бұлай сөйлеуге әбден құқылы екен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен спортшы ретінде ешкімнің алдында міндетті емеспін. Мұндай пікірді неге айттың деп менен ешкім есеп сұрай алмайды. Мен ұтылсам мемлекет те, халық та, демеушілер де әңгіме айтпайды. Өйткені мен халықтың ақшасын шашып жатқан жоқпын. Мен тек өзімнен ұтыламын, өзіме есеп беремін. Ал сен халықтың ақшасына қол салып, мемлекеттен қаржы алып жатсаң нәтиже көрсетуге міндеттісің. Ал мен миллион рет жеңілсем де ешкімге ештеңе міндетті емеспін. Өз мансабымда 38 жекпе-жек өткіздім. Оның жартысынан көбі шетелде өтті. Осы тұрғыда ел экономикасына өз пайдамды тигіздім деп ойлаймын. Өзге елден тапқан ақшамды өз еліме келіп жараттым. Бұл жағынан бір де бір футболшы маған қарсы келе алмайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары