Air Astana скриншоттардағы қате ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров су тасқыны кезінде Атыраудан Астанаға ұшатын әуе билетінің бағасын көтеріп жіберген Air Astana компаниясына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Атыраулықтардың басына ауыр күн туғанда сіздердің тараптан жасалған әрекет ақылға қонымсыз. Дәл қазір мыңдаған отандасымыз үйсіз далада қалды. Туыс жағалап, жан қамымен басы қатып жатыр. Топан судан кішкентай балалардың, қаттардың, омырауында сәбиі бар аналардың алған күйзелісін біз айтып жатқан да жоқпыз. Аймақтардан көмекке асыққан белсенділер аз емес, бірақ Атырауға жетудің амалын таппай отыр. Мысалы, Алматы-Атырау бағытындағы билет құны 300 000 теңге, ал Атырау-Ақтау бағытындағы билет бағасы 200 000 теңге, осы ақылға сия ма? Неге бір оңтайлы жолын қарастырмайсыздар? Әлде сіздерге елдің салығы керек, қаражаты керек, бірақ проблемасы керек емес пе? Әлде біз түсінбейтін дүние бар ма?
Меніңше, бұл мәселеге Үкімет те көңіл бөлуі керек», - деді Айдарбек Қожаназаров.
Air Astana скриншоттардағы қате ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.Air Astana әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде жүрген скриншоттарда қате ақпарат таратылғанын хабарлайды. Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген. Алайда ол жерде Ыстанбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген. Ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған.
Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда. Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз. Әуекомпания ішкі бағыттардағы әуебилеттерінің құнын өсірген жоқ. Керісінше, Air Astana әуекомпаниясы отандастарымыз ұшып кете алуы үшін Атыраудан Алматыға және кері қарай қосымша рейстер енгізді. Егер сіз таңдаған күндерге билеттер қалмаса, басқа күндерді қарауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.