$ 494.87  520.65  4.91

50 мың аударып жіберуімді сұрады: Сотта марқұм Салтанаттың сіңлісі куәлік етті

Қуандық қатты ашуланып, “неге жасанды емес, тірі гүлдер болды?” деп айқайға басты.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі сотта марқұм Салтанат Нүкенованың бір әкеден туған сіңлісі әрі жақын араласатын құрбысы Айнұр Нүкенова куәлік берді. Тойлар мен мерекелік шараларды безендіру ісімен айналысатын Айнұр  Қуандық пен Салтанаттың тойында безендіру жағын ұйымдастырған.

Куәгердің айтуынша Қуандық Бишімбаев оған әу бастан ұнамаған.

Ол (Қуандық) Камила деген қызды Салтанаттан консультация алуға әдейі жіберген, сөйтіп ол қыз Салтанатқа досымен таныстырғысы келетінін айтқан. Қуандық Instagram желісінде қайта-қайта жазып, оның Stories-теріне жауап жаза беретіні біртүрлі көрінді, мен бірден қарсылығымды білдірдім”, – деді Нүкенова.

Айнұрдың айтуынша, Қуандық құдалықта мейрамхананы  безендіруін өзі сұраған.  Бірақ кейін безендіруге көңілі толмай Салтанатқа ұрысқан.

Бірге жұмыс істеген кезде Қуандық жақсы адам сынды көрінді, бірақ тойдағы әрекеті ұнаған жоқ. Ол тойға емес, басқа нәрсеге алаңдағандай болды. Кейін ол шараға мен бармадым, тек анам барған. Олар анама алғыс жаудырып, бәрі ұнағанын айтты, – деді куәгер.

Бірақ түнгі сағат 1-де Салтанат пен Қуандық екеуі қатарынан хабарласыпты. Салтанат не болып жатқанын сұрап, Қуандықтың боқтық сөздер айтып, ашуға булығып жатқанын мәлімдеген.

Қуандық қатты ашуланып, “неге жасанды емес, тірі гүлдер болды?” деп айқайға басты. Боқтық сөздерді қолданды. Осыдан соң тойды да безендіруді сұраған, бірақ мен Салтанатқа “өздерің басқа адам табыңдаршы” деп өтініштерінен бас тарттым, – дейді ол.

Тойға дейін жақын араласқан Салтанат пен Айнұрдың қарым-қатынасы тойдан кейін суып кеткен.

Бір күні Салтанат қарызға ақша сұрады. Бұған дейін ақша сұрап көрмеген еді, сондықтан таңғалдым. Клинингке  50 мың теңге жіберуімді сұрады. Мен бірден аударып жібердім, – деді марқұмның сіңлісі Айнұр Нүкенова.

Ол тұрмысқа шыққанға дейін Салтанаттың 2-3 миллион теңге табыс тауып жүргенін тілге тиек етті.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін сағат 14:30-да қайта жалғасты.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/rLHCg0FCNfo?feature=share

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 23
Күлкілі 4
Ашулы 22

Серіктес жаңалықтары