Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орында қалды.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) бүгін жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орында қалса, Юлия Путинцева 52-ден 50-ге көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 51-ден 54-ке сырғыса, Жібек Құламбаева 143-тен 142-ге шықты.