$ 494.87  520.65  4.91

«Нүкенованың ата-анасы сот отырысынан кейін ауруханаға жатқызылды» – Адвокат

Қабырға, унитаз, еден – бәрі кінәлі, тек ол емес. 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы – Амангелді және Жұмагүл Нүкеновтар сотта оқиға орнындағы суреттерді, «BAU» ресторанының бақылау камераларындағы жазбаны көрген. Бұдан бөлек, сот-медициналық сараптама қорытындысын тыңдаған соң өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ата-анасы бұл суреттерді көрмеген еді, содан кейін ауруханаға жатқызды – анасын да, әкесін де. Қазір олардың жағдайы жақсы емес, сол себепті сот отырысына барып жүрген жоқ. Ол (Қуандық Бишімбаев – ред.) біресе құлады, унитазға соғылды, қабырғаға соғылды деп, қандай құралдары болғаны туралы салқынқанды және қысылмай айтып отыр. Қабырға, унитаз, еден – бәрі кінәлі, тек ол емес. Сол себепті біз айыптау нұсқасында қаламыз. Бұл арсыздықпен жасалған адам өлтіру деп есептейміз», – деді зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары