$ 443.37  474.49  4.83

«Әйелін өлтіріп қоймасын»: Сотта Нүкенованың қазасы болған ресторан қызметкерлерінің хат-хабарламалары оқылды

VIP бөлмені төңкеріп тастады.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Салтанат Нүкенованың қазасы болған «BAU» ресторанының қызметкері куәгер ретінде келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта куәгер Данияр Мейірбековтің «BAU» ресторанының әкімшісі Қарлығашпен Whatsapp желісіндегі хат-хабарламасы оқылды. Хат-хабарға қарасақ, олар Салтанатты Бишімбаев ұрып жатқанын сезген болуы мүмкін.

Мейірбеков: Директор қайтып келді, вип бөлмеде отыр.

Мейірбеков: Қабырғаны бояп үлгермедім, Қуандық отыр.

Мейірбеков: Ол VIP бөлмені төңкеріп тастады, әйелі тірі шығар, өлтіріп қоймасын, әйтеуір.

Мейірбеков: Маска-шоуын ұйымдастырды, пиджагын жалаңаш денесіне киіп алыпты.

Қарлығаш: Түсінбедім, олар әлі сонда ма?

Мейірбеков: Біз кетіп бара жатқанда, ол әйелін ұрып жатты немесе мүліктерді қиратып жатты.

Қарлығаш: Дұрыс болыпты кеткендерің, ол ішімдік ішпеген бе?

Мейірбеков: Қатты мас, әйелімен отырды ғой.

Қарлығаш: Мезі етті ғой әбден.

Мейірбеков: Шыны есікті сындырды.

Қарлығаш: Күзетшілер болмады ма не?

Мейірбеков: Ас бөлмесінің де ойранын шығарды.

Қарлығаш: Құрысыншы, соның кесірінен енді менің есебім жетпей қалады.

Мейірбеков: Камера бар ғой.

Қарлығаш: Құрысын, бәрін соған ысыра салармын, одан да ұйықтайын.

Бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы – Амангелді және Жұмагүл Нүкеновтар сотта оқиға орнындағы суреттерді, «BAU» ресторанының бақылау камераларындағы жазбаны көргеннен кейін, сот-медициналық сараптама қорытындысын тыңдаған соң өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары