$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.

Фото: kaznpu.kz
Фото: kaznpu.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған», - делінген прокуратураның хабарламасында.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – «Ескі қақпа» орналасқан.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты ресторан ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған.

Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары