$ 494.87  520.65  4.91

«Адам өздігінен мұндай зақым алмайды»: Сарапшы Нүкенованың жарақаттары туралы айтты

Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Экc-министр Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттардан, қалай қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сараптама қызметкері жарақаттарды манекенге бейнелеп тұрып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанаттың бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан. Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған.

Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.

"Есі сау адам өздігінен мұндай жарақат алмайды. Биіктен құласа бір жөн, жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды", - деді ол.

«Барлық аймақ боялған. Мұның бәрі бірге бас жарақаты болып табылады. Оған бет пен бас сүйегі кіреді. Көк - көгеру, қызыл – жырылған жерлер. Сарапшының қорытындысында бас миының жарақатын (зақымдануын) көрсететін сот - медициналық диагнозы қойылды. Бұл жарақаттар мидың зақымдалуына әкеледі. Мұның бәрі бірге ауыр зиян келтіру ретінде жіктеледі және өлімге әкеп соғатын тікелей себеп болып табылады. Яғни, өлімнің себебі – жарақаттың болған, оларды бөлек қарастыруға болмайды», - деді сарапшы.  

Сарапшы осы салада 1991 жылдан бері қызмет атқаратынын да атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 45
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары