$ 474.83  518.99  5.4

«Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Тайтөбе ауылының тұрғындарына көмекке келді

Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын.

 

Фото: «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі
Фото: «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі

2024 жылғы 9 сәуірде, сағат 10.00-де «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Тайтөбе ауылына келе жатқан ағын суға тосқауыл қою жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шараға қатысушылар еріктілердің жинау орталығы ұйымдастырылған Гейдар Әлиев көшесі, 14 мекенжайындағы бірлестіктің штабында жиналды. Бұл жерде қырандар бірнеше жасаққа бөлігеннен кейін кент бағытында жолға шықты.

Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Біздің қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесумен бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары