$ 443.37  474.49  4.83

Бишімбаев сотындағы алқабилердің суреті тараған: Судья журналистерді сот залынан шығарып жіберді

Осыдан соң КТК репортажды өшіріп тастады.

Фото: Репортаждан скриншот
Фото: Репортаждан скриншот

Өз әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың сотында БАҚ өкілдері алқабилердің суретін таратып жіберген. Ал бұған дейін алқабилердің жеке басын құпия ұстау керек екені айтылып, оларды түсіруге тыйым салынған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

КТК арнасы 9 сәуір күні Бишімбаев сотынан репортаж дайындау кезінде алқабилерді де түсіріп, оны кадрға қосып жіберген. Олардың түрін блюрламаған.

10 сәуір күні сот Бишімбаев ісі бойынша алқабилердің суретін таратуға қатысты тергеуді тағайындады. Судья тергеу аяқталғанша, БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды. Енді журналистер сот залына кіре алмайды.

Осыдан соң КТК репортажды өшіріп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары