$ 494.87  520.65  4.91

«Қуандық геолокациямен қарап отырады, бара алмаймын»: Сотта Нүкенованың көмекшісі куәлік етті

Көмекшісінің айтуынша, Салтанат Павлодардағы өз үйіне кетемін деп шығып жатқанда Қуандықтың анасы чемоданын бермей қойған.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті  сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі отырыста жауап беретін куәгерлердің арасында Нүкенованың көмекшісі де бар.

3 жыл бойы Салтанатпен бірге жұмыс істеген Анар Тасова өзінің көрген-білгенін айтты.  

5 шілде күні таңертең сағат 8-де оянып, Салтанаттан келген қоңырауларды көрдім. Ол «мені алып кетші» деп жазыпты. Біз кездесіп, мен оған Coffee boom-ға барып тамақтанайық дегенімде, ол бас тартты: «Оның жанында Rixos қонақ үйі бар, Қуандық менің жүріп-тұрғанымды геолокациямен қарап отырады, бара алмаймын» деді. Мен таңқалдым. Сосын екеуміз басқа жерге барып тамақтандық. Салтанаттың көңіл күйі жоқ еді. Мойнында қолдың, арқанның іздері болды. Денесінің сол жағы түгел көгерген. Оның денесіндегі соққының іздерін көріп, менің де көңіл күйім түсіп кетті. Бірнеше рет әжетханаға барып жылап алдым, - деді Анар.

Ол әңгіме барысында «Қуандық - тиран, 24/7 қасымда, құрбыларыммен, әпкелеріммен араласуға тыйым салады. Үнемі соның қадағалауындамын, маған жұмыс істеуге рұқсат бермейді» деді. Оның жұмысын қалай жақсы көретінін білгендіктен, маған да мұны есту ауыр болды», - деді куәгер.

Көмекшісінің айтуынша, Салтанат Павлодардағы өз үйіне кетемін деп шығып жатқанда Қуандықтың анасы чемоданын бермей қойған.

Салтанаттың бұл әңгімелерін естіген соң мен оған «үйіңізге барыңыз, сізді әуежайға апарып тастайын» дедім. Ол Павлодарға қатты барғысы келетінін айтты. Бірақ, Қуандықтың бір күнге Алматыға кеткенін,ал анасының оған күйеуінің келгенін күт деп, чемоданын бермегенін айтты. Сондықтан, менімен кездесуге ешқандай затын алмай, өзі ғана шыққан. Сосын оған Қуандық қоңырау шалды да, Салтанат лезде жиналып, кетіп қалды, - деді куәгер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары