$ 442.05  474.14  4.74

Су тасқыны: Мал шығынына қатысты өтемақы қалай төленеді

АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдиннің мәлімдеуінше өлген малдың өлексесін жою жұмысы қарқынды қолға алынып жатыр.

Фото: semeytany.kz
Фото: semeytany.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің берген дерегінде су тасқыны кезінде 88 мыңнан астам мал басы қауіпсіз аймаққа шығарылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдиннің мәлімдеуінше өлген малдың өлексесін жою жұмысы қарқынды қолға алынып жатыр.

Жедел деректер бойынша өлген мал 8,1 мың басты құрайды. Оның ішінде ұсақ бас 6 мың, ірі-қара 1500, жылқы 514 бас. Республикалық эпизотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастырып жатыр. Бүгін 4,1 мың бас өлген малдар жойылды, - деді Тілебалдин.

Су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және су тасқыны кезіндегі зардаптарды жою кезіндегі республикалық штаб өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоратимін әзірлеп, бекіткен.

Меншік иелері залалды анықтау және басқа мәселелердә шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдар мен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды. Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Меншік иелеріне өтемақы мөлшері ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалады, - деп жалғастырды ресми өкіл.

Олжас Тілебалдиннің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері министрліктің бақылауында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары