Деректер «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланады.
Биыл жазда Қазақстанның оңтүстігінде қуаңшылық болып, шаруалар су тапшылығын сезінуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Камар Салиева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті.
«Маусымдық болжамға сәйкес, шілде мен тамызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деген болжам бар. Сондықтан жекелеген облыстарда, яғни оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін. Бізде қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. 23 сәуірде тағы болжамды нақтылаймыз. Деректер «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланады. Қазіргі болжамға сәйкес, жауын-шашын мөлшері маусымда оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде төмен деп болжап отырмыз», - деді Камар Салиева Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Дегенмен ол «биыл оңтүстікте шаруалар су тапшылығын сезінуі мүмкін, бірақ, болжамды тағы нақтылау керек» деп отыр.