10.04.2024, 19:20

Алаяқтар 1,6 миллиард теңгеге заңсыз автонесие рәсімдеп, 115 адамды алдап соққан

Фото: Pixabay

Құқық қорғау органдары анықталған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтардан полицияға хабарласуын сұрайды.

Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

“Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 миллиард теңге”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары анықталған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтардан полицияға хабарласуын сұрайды.