Қазақстанда сезілгені - афтершок.
Алматы қаласында тіркелген 2 баллдық жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанда сезілгені - афтершок.
ҚР ТЖМ «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 10 сәуірде Алматы уақытымен 19 сағат 56 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 488 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қ. 2 балл. Алматы облысы, Кеген ауылы, Райымбек ауданы 3 балл , - деп хабарлады ТЖМ.