Оның айтуынша, жедел-жәрдем қызметкерлері келгеннен кейін, Бишімбаев қолына пышақ алып,«Салта өліп қалдың ба, мен сені сүйем» деп айғайлаған көрінеді.
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгінгі сотта онымен бірге айыпталып жатқан Бақытжан Байжанов 9 қарашада таңнан бері «оянбай» жатқан Салтанаттың жағдайына алаңдағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сол кезде ол таныс дәрігеріне хабарласқан. Дәрігер жедел-жәрдем шақыруға кеңес берген, алайда, Бишімбаев өзінің Гүлнұр атты көріпкеліне хабарласқан. Сосын Байжановқа «күте тұрайық» деген.
Артынша өзі басқа кабинкаға кіріп кетеді. Ол жерде Байжанов танымайтын әйел адам отырған.
«Сол күні сағат 16.00-де Салтанаттың жағдайына алаңдай бастадым, әрине, оның өлгенін білмедім. Сондықтан да өзім таныс дәрігерге қоңырау шалған едім. Бірақ Бишімбаев «ол ұйықтап жатыр» деп менің көңілімді жайландырды», - деді Байжанов бүгінгі сотта.
Бишімбаев сол күні өзін байсалды ұстаған және басқа клиенттермен кездесіп жүрген.
«Бишімбаев палау мен кәуапқа тапсырыс берді. Мен бірінші қабатқа барып, 15 минуттан кейін тамақты алып келдім. Сағат 16:30 кезінде Бишімбаев маған үйге бара беруіме болатынын айтты. Қайтуыма әлі болғандықтан, жұмыс кабинетіме кеттім. 40 минуттан соң Бишімбаев хабарласып, Салтанаттың тамыры соқпай қалғанын айтты. Қатты шошып кеттім. Екінші қабатқа жүгіріп бардым. Бишімбаев маған Салтанаттың тамырын тексеріп көр деді. Бірақ мен тамырдың соғып-соқпай тұрғанын анықтай алмадым. Өйткені қатты шошып, қорқып қалған едім. Оның үстіне, басымнан мұндай жағдай өтпеген», - деді ол.
Байжанов жедел-жәрдем келгенше диспетчердің айтуы бойынша, Салтанаттың кеудесін басып, жасанды дем алдыруға тырысқанын айтты.
Оның айтуынша, жедел-жәрдем қызметкерлері келгеннен кейін, Бишімбаев қолына пышақ алып,«Салта өліп қалдың ба, мен сені сүйем» деп айғайлаған көрінеді.