11.04.2024, 18:00

«Сені қарғаймын деді»: Байжанов Бишімбаевтан қысым көргенін айтты

Фото: Жоғарғы сот

Сотталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев "қарғаймын" деп қорқытқанын айтты.

Сотта айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынуда. Ол Нүкенованың өліміне қатысты жағдайды өз нұсқасында баяндап, Бишімбаевтан қысым көргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Сотталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев "қарғаймын" деп қорқытқанын айтты.

"Бишімбаев маған жедел жәрдем қызметіне бірге қоңырау шалдық деп айт деді. Егер сен айтпасаң, мен сені қарғаймын – балаңның, өз басыңа келсін деп қарғаймын деді», - дейді Байжанов.