$ 442.05  474.14  4.74

Мың жылдық тарихы бар петроглифтер мемлекет қорғауына алынады

Қиыршық тас өндірумен айналысатын кәсіпорын шикізатты басқа карьерден алу мәселесін қарастыруда.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Талдықорған маңындағы Қызылтас археологиялық кешені мемлекет қорғауына алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал ол жердегі тау-тасты жару, қопару жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды. Қиыршық тас өндірумен айналысатын кәсіпорын шикізатты басқа карьерден алу мәселесін қарастыруда.

Мың жылдық тарихы бар петроглифтер кездесетін тауда жарылыс жұмыстары жүріп, тарихи жәдігерлер жойылуға шақ қалған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Тараптар бір мәмілеге келіп, бұзылған таңбалы тастарды басқа жерге көшіріп, қалған тарихи ескерткіштерді сақтап қалуға бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Мемлекеттен археологиялық кешендерді паспортизациялауға 10 млн теңге қаржы бөлінді.

Ғалымжан Оспанов, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры:

Қызылтас петроглифтері және ар жағында Дауылбай, Ордакүл бар. Еңбек жақтағы тауларды паспортизация жасасақ па деп конкурс жариялайық деп отырмыз. Ертең конкурсты жариялап, келесі аптада келісімшартқа отырып жұмысты бастап кетсек пе деп отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары