$ 494.87  520.65  4.91

«Деңгейі төмен»: Жасұлан Қыдырбаев олимпиададан қағылған ауыр атлеттер туралы

Құрамадағы үздік спортшылар допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді.

Фото: IWF
Фото: IWF

Ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев алғаш рет олимпиада ойындарынан тыс қалған Қазақстан құрамасының жайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасұлан Қыдырбаев алғаш рет олимпиада ойындарынан тыс қалған ауыр атлетика спортының деңгейі төмендеп кеткенін жасырмады.

Иә, ауыр атлеттеріміз олимпиада ойындарына жолдама ала алмады. Өкінішке қарай, қазір зілтеміршілеріміздің деңгейі төмендеп тұр. Құрамадағы үздік спортшылар допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді. Ал екінші құрамдағы спортшылардың деңгейі әлі өскен жоқ. Сол себепті де, сәтсіздіктер болып жатыр. Дегенмен резервтегі жас спортшыларымыз жақсы нәтижемен өсіп келеді. Спорт болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыратын жаңа спортшылар шығатынына сенеміз, – деді әлем чемпионы. 

Қыдырбаев ауыр атлетиканың болашағы бұлыңғыр деген жаңсақ пікір екенін де айтты. 

Қазақстандағы ауыр атлетика спортының болашағы бұлыңғыр, қараңғы деп айтуға келмейді. Бұл спортты серік еткен мықты, жас спортшылар өте көп. Жақсы резерв жасақталып жатыр. Жаңа бапкерлер пайда болып, жақсы қарқынмен жұмыс істеп жатыр. Бұйырса, сол жастар әлемдік деңгейде ел намысын абыроймен қорғайды деген үміттеміз, – деді Жасұлан Қыдырбаев. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тарихта алғаш рет қазақ спортшылары Олимпиадаға қатыспайды 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары