$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр – Тергеу басталды

Селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде құрылыс жүргізген мердігердің өз міндеттемелерін дұрыс орындамаған.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Төтенше жағдайлар министрі  Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру барысында заңбұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде құрылыс жүргізген мердігердің өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны, салу барысында заңбұзушылықтар орын алғаны анықталған. Бұл жағдай Алматы қаласындағы 30 000 тұрғынның өміріне қауіп төндіріп тұр.

Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұрғанына байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді .

Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 2021 жылы 21 қарашада Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңындағы бөгет  жарылған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары