Батыс Қазақстан облысына топан су жуық арада жетуі мүмкін.
Жайықтағы су деңгейінің көтерілуінен Батыс Қазақстанға қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstantv телеарнасына сілтеме жасап.
Ресейдің Орынбор қаласының тұсындағы Жайықтың су деңгейі 11 метрден асып кетті. Бұл нормадан 2 метрге жоғары. Сондықтан БҚО-ға топан су жуық арада жетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде Жайық жайылып, Орал қаласының іргесіне жетті.
«Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Рауан Құсайыновтың айтуынша 5-6 күннен кейін Орынбордағы тасқын су Орал қаласына жетеді.
«Орынборда қазір су деңгейі 11 метрден асты. Оларда қауіпті деңгей – 9,30 метр болатын. Орташа есеппен су 5-6 күнде Орал қаласына келеді,» - деді ол.