12.04.2024, 17:40

Бишімбаевтың анасы «Гастро орталық» құрылтайшыларының құрамынан шықты

Фото: КазТАГ

Ғимарат осы уақытқа дейін 4 акционерге тиесілі болды, оның ішінде Қуандық Бишімбаевтың анасы бар еді.

Салтанат Нүкенова өлтірілген «Гастро-Площадь Центр» құрылтайшылары өзгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz-тің дерегінше 4 сәуірде «Ezy Park» ЖШС құрылтайшыларының тізімінен Қаныш Төлеушин (ЦДИАӨМ бірінші вице-басшысы), Тасболат Абдуллин және Альмира Нұрлыбекова (Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевтың анасы) шықты.

Қалған құрылтайшылар қатарында Сержан Мәдиев пен Алий Оспанов бар, сондай-ақ Қайрат Мәлік пен Азамат Ахметжанов есімді жаңа тұлғалар пайда болған. Қайта тіркеу 4 сәуірде өтті.

Орталық аумағында 30 мекеме орналасқан, олардың бірінде (Bau рестораны) Салтанат Нүкенова өлтірілді.

Kompra.kz дерегі бойынша, Оспанов – бірқатар ЖШС құрылтайшысы және басшысы, олардың кейбірі гастроорталықтың бұрынғы және қазіргі құрылтайшыларымен байланысты.

Мәдиев – Alzhan қоғамдық қорының, «Нұр-Сұлтан баскетбол федерациясы» ҚҰ және «Wowkz» ЖШС құрылтайшысы. Сондай-ақ, Мадиев басшы Ибраев Қанат саналатын Alawwal Partners Ltd компаниясының құрылтайшысы.

2023 жылғы 9 қарашада «Гастро орталықта» орналасқан астаналық «Bau» ресторанында экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық әйелін ұрып-соққан. Салтанат Нүкенова жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ғимарат осы уақытқа дейін 4 акционерге тиесілі болды, оның ішінде Қуандық Бишімбаевтың анасы бар еді.

«Гастро орталықта» бөлім басшысы болған Молдақаш Қалмұрат Жолшыбайұлы сол түні болған оқиғалар бейнеленген видеолар қалай өшірілгенін айтып берді.