$ 494.87  520.65  4.91

Құлсарыда баласымен бірге жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Іздестіру жұмысына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

Фото: atr.kz
Фото: atr.kz

Бүгін таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Атырау облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған.

Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

«Іздестіру жұмысына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары