$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдегі су тасқынының Қазақстанға әсері қандай?

Айта кетсек, 2024 жылғы су тасқыны Қазақстанға ғана емес, Ресейге де әсер еткен жойқын табиғи апат болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Экологтардың жалпы Жер планетасына жанашырлық танытқан экобелсенділер, жаһандық жылыну табиғаттың өзгеруі жайлы соңғы онжылдықта жиі айтып, дабыл қақты. Әсіресе қыстан кейін қалың қар түсетін еліміздің солтүстік өңірлері, Ресеймен шекаралас облыстарда көктем кезінде су басу қаупі жылда айтылады. Дегенмен биыл табиғи апат орын алып, сексен жыл болмаған жойқын су тасқыны болып жатыр. Ресейді бірнеше облысты су басты, елімізде де 10-даған облыста су тасқыны болып, төтенше жағдай жарияланды. Бұл табиғи апаттың Ресейдегі су тасқынының жағдайы Қазақстанға қалай әсер етіп жатқанын, екі ел арасындағы су тасқынына тосқауыл болу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы Skifnews.kz ақпарат порталы мәліметтер жинақтады.

Есеріңізге салсақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Президент еліміздегі қазіргі ахуалға қысқаша тоқталып, оның себептеріне және әлемдегі табиғи апаттардың ғылыммен байланысын орынды жеткізе білді.

Глава государства прибыл с рабочей поездкой в Западно-Казахстанскую область

«Табиғаттың тосын мінезінен басқа да елдер зардап шегуде. Әлемнің әр түкпірінде жер сілкінісі, өрт, су тасқыны болып жатыр. Бір сөзбен, жаһандық климат өзгеріп, табиғи апаттар жиілеп кетті.

1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған. Ал 2010-2015 жылдары апаттардың саны 3700-ден асқан. Яғни, аз уақыттың ішінде табиғи апат саны екі есе көбейді. Жартысына жуығы – суға қатысты апаттар. Әрине, бұл – бүкіл адамзатқа төніп тұрған өте үлкен қатер. Сондықтан мұндай апаттардың алдын алып, азаматтардың амандығын қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Ғылым – бұл міндетті іске асырудың бірден-бір жолы. Әсіресе, елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отыр», - деген болатын Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан Батыс аймаққа барып, халықпен кездесті, бірнеше штаб отырысын өткізді және Үкіметке қатаң талаптар қойып, нақты тапсырмалар берді.

9 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады. Президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды. 

Тоқаев пен Путин телефон арқылы шекара маңындағы су тасқынын талқылады

Өздеріңіз білесіздер, Ресей территориясында Жайықтағы су деңгейінің көтерілуінен Батыс Қазақстанға қауіп төніп тұр. Ресейдің Орынбор қаласының тұсындағы Жайықтың су деңгейі 11 метрден асып кетті. Бұл нормадан 2 метрге жоғары. Сондықтан БҚО-ға топан су жуық арада жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде Жайық жайылып, Орал қаласының іргесіне жетті. Соған орай, Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласының аумақтарын су басу қаупі бар. 

Мамандардың болжамына сәйкес, Орынбор қаласынан су облысқа 17-19 сәуір күні келеді.

«Су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша Жайықта ұзындығы 72 км болатын бөгет салынып, өзен жағасы нығайтылды. Қазіргі уақытта өзеннің бойындағы қауіп төніп тұрған елді мекендерден тұрғындарды эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін сыйымдылығы 8596 орынға есептелген 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда облыс бойынша эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам бар. Оған қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешектер уақытылы жеткізілуде», - деді ол.

Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Батыс Қазақстанға Ресей территориясындағы Жайық өзенінің көтерілуінен қауіп төнсе де, РФ президентінің Орал федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Владимир Якушев бұған керісінше Қазақстанды кінәлады.

Якушев бұған дейін Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны жағдайында су жіберіліп жатқан Қазақстандағы су қоймалары жүйесі сияқты факторды да ескеру қажет екенін, бұл арада "келісе әрекет етуге" мән берілу керектігін айтқан.

Қазақстанның құзырлы ведомствосы Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері бары туралы пайым дұрыс емес деп санайды.

Су ресурстары министрлігі РФ-дағы су тасқынына Қазақстан әсер етіп жатыр деу негізсіз екенін ресми атап өтті.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясы президентінің Орал федералды округіндегі тең төрағасы Владимир Якушевтің Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді.

"Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, су жіберу туралы шешім Ресей тарапынан келетін ағынға сай қабылданады. Сондықтан, Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деп айту дұрыс емес. Бұл шындыққа еш жанаспайды", - деп жауап қатты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2 сәуірден бастап қазақстандық тарап Тобыл өзені бойынша су өткізу жөніндегі шешімдер туралы ақпарат бере бастағаны да нақтыланады.

"Тараптар тәулік бойы су ағынының ұлғаюына немесе азаюына қарай мәлімет алмасады. Сол себепті кез-келген келісілмеген әрекет туралы сөз жоқ. Қазақстандық тарап Ресей жағымен сыйластық, көршілік әріптестік рухында ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға, ақпарат алмасуға дайын", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Айта кетсек, 2024 жылғы су тасқыны Қазақстанға ғана емес, Ресейге де әсер еткен жойқын табиғи апат болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары