15.04.2024, 12:00

«Сотты біржақты өткізіп жатырсыз»: Бишімбаевтың адвокаттары судьяға қарсылық білдірді

Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан көре аласыздар.

Бүгін азаматтық некедегі жарын аяусыз өлтірді деген күдікпен айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министрді қорғау тарапы Салтанат Нүкенованың ұялы телефонына компьютерлік зерттеу жүргізіп, ескі жазбаларды қалпына келтіруді өтінген. Алайда судья Айжан Көлбаева бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Бишімбаевтың адвокаттары осы кезде «сот біржақты өткізіліп жатыр» деп, судьяға қарсылық білдірді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/InDCqPC5stk?feature=share