$ 442.05  474.14  4.74

Мұз жару жұмыстары сәтсіз өтті: Ресейдің тағы бір қаласы суға кетті

Бұған дейін Орск пен Орынборды су басқан еді.

Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Ресейде Орск пен Орынбордың артынан Томск қаласы суға кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі өзендегі мұзды жарып, жоғары суды тоқтатуға тырысты, бірақ бұл көмектеспеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресейде ірі су тасқыны жалғасуда. Қазір Томск, Қорған қалаларын су басып жатыр. Бұған дейін Орск пен Орынборды су басқан еді. Өзендердегі су деңгейі күрт көтеріліп, топырақ бөгеттер бұзылып, көпірлерді үлкен мұз кесектері ұшырып әкетуде. 

Орынбор облысынан кейін Томск қаласы су астына кете бастады. Қала әкімі қазірдің өзінде көршілес «Левобережье» СНТ-ны эвакуациялау басталғанын айтып, судың өте жақын қалғанын жеткізді. Бір күн бұрын жүргізілген мұзды жару жұмыстарының сәтсіз болуынан өзендегі су деңгейі рекордтық деңгейге көтерілді.

Қорған облысының губернаторы Тобыл өзеніндегі су деңгейі 556 сантиметрге жеткенін атап өтіп, тұрғындарды су басқан аумақтардаг көшіруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары