$ 439.43  473.31  4.82

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

Барневка, Кустовое, Вагулино, Ольшанка сияқты шағын елді мекендер тасқын судың жолында тұр.

Фото: Massaget
Фото: Massaget

Петропавлда бірер күнде су тасқыны шарықтау шегіне жетеді деп болжанған. Бұған дейін мыңға жуық тұрғын үй суға кеткен Қызылжар ауданында су деңгейі біртіндеп түсе бастаған. СҚО ТЖД басқармасының бастығы Сәкен Ағзамовтың айтуынша, әлі 15 ауылды су басу қаупі бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Большая малышка» ауылында 5 күннен бері эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барневка, Кустовое, Вагулино, Ольшанка сияқты шағын елді мекендер тасқын судың жолында тұр. Кейбірінен тұрғындар толық қауіпсіз жерге көшірілді. Соколовкамен байланыс үзілуі мүмкін. Қасынан республикалық маңызы бар автожол өтеді, оны су басуы мүмкін», - деді Сәкен Ағзамов.

Облыста су тасқынының екінші кезеңі басталды. Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзені деңгейі өткен тәулікте 3 см-ге көтерілген. Су Ақмола облысындағы Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен келуде.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, бүгін Петропавл маңында су тасқынының шарықтау шегі тіркелмек. Облыс орталығында 17-18 сәуір күндеріне болжанған. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 1340 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 940 см. Долматово ауылы маңында Есіл өзені қарқынды көтеріліп жатыр.

«Қазір су деңгейі 1425 см болса, қауіпті көрсеткіш — 1450 см. Ал екінші толқынға келер болсақ, Тоқсан би ауылы маңында Есіл өзенінде — 15-20 сәуір аралығында, Сергеев су қоймасында — 16-21 сәуір аралығында, Покровка ауылында — 18-23 сәуір, Новоникольское елді мекенінде — 20-25 сәуір аралығында, ал Петропавлда — 22-27 сәуір аралығында су тасқынының екінші кезеңі өтпек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары