$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың соты: Байжановтың арызы бойынша тергеу басталды

Сотталушы Б.Байжанов көрсеткен фактілер бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында «Гастро орталық» директоры Бақытжан Байжановтың арызы бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мусин Б. «Азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Бұл ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады. Өз кезегінде ұйым мүшелерінің түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын қадағалауы мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытында қатаң сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Сотталушы Б.Байжанов көрсеткен фактілер бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», – деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 15 сәуірде өткен сот отырысында Байжанов қамауға алынғаннан кейін Бишімбаевпен тергеу изоляторында кездескенін айтқан. Кездесу кезінде Бауыржан Мусин және сотталған бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев болғаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары