16.04.2024, 08:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay

Батыс пен оңтүстікте ауа температурасы 22-30 градусқа дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыс пен орталықта 15-25 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер 16-18 сәуірде Қазақстанда ауа райы қалай болатынына болжам жасады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр және қар жауады.

«16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық, жауын-шашынсыз жел күшейеді, түнде тұман түседі ал таңертең күндіз найзағай ойнайды», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, термометрлер түнде температураның ауытқуын, ал күндізгі уақытта айтарлықтай жоғарылауды көрсетеді. Батыс пен оңтүстікте ауа температурасы 22-30 градусқа дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыс пен орталықта 15-25 градусқа дейін көтеріледі.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады деп ескерткен болатын.