$ 443.37  474.49  4.83

Жамбыл облысында жүкті әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсады

Жалған толғақ диагнозымен перинаталдық орталығына түскен әйелде  психологиялық ауытқулар байқалмаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысының Сарысу ауаданында  жүкті келіншек өзі-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

33 жастағы келіншек перзентханада көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған жайтты растады. Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында болған. 

Жалған толғақ диагнозымен перинаталдық орталығына түскен әйелде  психологиялық ауытқулар байқалмаған.

Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады, – делінген басқарма хабарламасында.

Полиция департаментінде орын алған жағдай бойынша кешенді сараптама тағайындалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

Марқұм келіншектің артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6-да, екеуі балабақша жасында, ал өзі жүктіліктің 16-шы аптасында болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары