$ 478.58  520.84  5.44

Сотта алғаш рет Бишімбаевтың анасы сөз сөйледі

Сараптаманың оқылуына, жалпы іске қосылуына жәбірленуші тараптың заңгерлері қарсылық білдірді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін таңертең сағат 9:30-да басталған кезекті сот отырысында айыпталушы тарапының заңгерлері  Ресейдің екі маманы мен Қазақстанның бір маманы жасаған жеке сот медициналық  сараптама қорытындысын оқыды.

Сараптаманың оқылуына, жалпы іске қосылуына жәбірленуші тараптың заңгерлері қарсылық білдірді.

Сот барысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сөз алып,  айыпталуышының адвокаттарын қанағаттандыруды сұрады.

Бишімбаевтың анасы ұлының қорғануға рұқсат беретін  конституциялық құқығы шектеледі деп есептейтінін мәлімдеді.

Сол себепті соттан, прокурордан, алқа билерден, жәбірленуші тараптан ана ретінде жүрегіммен мені түсінуді сұраймын, - деді ол.

Сот түскі үзілістен кейін сағат 14:30-да Жоғарғы Соттың ютуб каналында жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары