$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде тағы бір ауыл суға кетуі мүмкін

Орынбор облысында 5503 тұрғын үй (оның ішінде 55-і көппәтерлі үй) және 10 656 саяжай су астында қалды.

Фото: РИА Новости / Сергей Никифоров
Фото: РИА Новости / Сергей Никифоров

Ресейдің Орынбор облысындағы Илек ауылында  Жайық өзенінің деңгейі 913 сантиметрге дейін көтеріліп, қауіпті деңгейден 23 см-ге асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РИА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында аудан әкімдігі өзінің Telegram-каналында жариялаған.

«16 сәуірде сағат 08.00 (Мәскеу уақытымен 06.00) жағдай бойынша Илек ауылындағы Жайық өзенінің деңгейі 913 (+5) сантиметрді құрап отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Орынбор облысында 5503 тұрғын үй (оның ішінде 55-і көппәтерлі үй) және 10 656 саяжай су астында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары